РМК «Күйгенжар» Қазақстан Республикасы Президентінің іс Басқармасы, 1998 жылдың сәуір айының 27-де Қазақстан Республикасы үкіметінің №387-28-ші қаулысымен құрылған. 2004 жылдың ақпан айының 16-да Қазақстан Республикасы үкіметінің №178 қаулысымен «Күйгенжар» Акционерлік қоғамы құрылды. 2007 жылдың ақпан айының 23-де қоғам «Астана-Өнім» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Қоғамды құрудағы басты мақсаты – Мемлекеттік резиденциялар мен Үкіметтік кешендерді жоғары сапалы, табиғи таза ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорында 750 бас асыл тұқымды мал ұстайтын мал шаруашылық кешені, қуаттылығы күніне 4000 литр сүт өнімдерін өндіретін сүт зауыты, қуаттылығы күніне 150 кг шұжық шығаратын шұжық өндіру цехы және «Алтын – тұлпар» атты спорт кешені.
Бүгінгі күні қоғамның негізгі өнімдері: сүт өнімдері (13-тен астам түрі); 1-2 категориядағы жылқы, қой, сиыр және бұзау еті; асыл тұқымды бұзау және еркек таналар; шұжық және ет өнімдері (16-дан астам түрі); құнды астық өнімдері.
Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласының оңтүстік-шығысында, Есіл өзенінің бойында, Мичурин селосында.